Жамбылда 11 жылжымалы медициналық кешен ауылдарды аралап жүр

0 20
Жамбыл облысы халқын денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Айталық, 11 жылжымалы медициналық кешен 322 елді мекенге бару жоспарланған. Оларда барлығы 239 269 адамды медициналық тексеруден өтеді. Қазіргі кезде 214 967 тұрғын қамтылды, оның ішінде 59 133 бала бар. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Оспанова Жанар Мықтыбекқызы айтты.
Оның мәліметінше, биылдыққа 51 639 диагностикалық зерттеулер, 16 277 зертханалық тексеру, 245 614 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді.
«Тұрғындарды қарау барысында 10 822 науқас анықталды. Жаңағы 11 жылжымалы медициналық кешеннің 10-ы жарамды күйде, 1 тозған. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджет есебінен медициналық құрал-жабдықтар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға 2,2 млрд теңге қаржы бөлініп, 144 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Одан басқа, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2,0 млрд теңге көлемінде 1 дана «Сызықты үдеткіш» сатып алынды», — деді спикер.
Жанар Мықтыбекқызы нәтижесінде, облыс бойынша медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету 88,5%-ды құрағанын атап өтті.
«Сонымен қатар, инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор. 2022 жылы жалпы құны 9,1 млрд теңгені құрайтын 24 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жылдың соңына дейін 23 нысанның аяқталуы жоспарлануда», — деді баяндамашы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.