Жамбылдық спортшылар 8 алтын, 5 күміс, 3 қола жүлдемен оралды

0 19
Түркия елінде ұйымдастырылған Армрестлингтен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде облыс құрамасы 8 алтын, 5 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды.
Ел құрамасы сапында ересектер арасында Сейдіш Сандуғаш жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, Қараманова Айгерім ,Лисянская Антонина және Қамбаров Мансұр екінші орынға ие болды.
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Саним Нышаналы жастар буынында жеңімпаз атанса, Станбек Ерсен қолаға, ересектерде Рахымберды Ержігіт күміс жүлдеге қол жеткізді.
Бешлиоглы Заурбек, Джаналиева Раушан ,Әжіғұл Бибіжан ,Керінбекқызы Гүлназ ,Саттарова Айзат ,Торгабай Нұрбике алтынға қол жеткізді, Хидиров Резан Оразғалықызы Ақерке ,Баймұрат Нурсая күміс жүлдегер атанды, әлем чемпионатының қола жүлдесін Байзақ Аяжан мен Ерланұлы Мағжанға бұйырды.
Айта кетейік, армрестлингтен әлем чемпионатына 57 елден 1700-ден аса спортшы қатысты.
Қазақстан Республикасы құрамасы жалпы командалық есепте топ жарды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.