Жол тәртібін бұзғандардың төлеген айыппұлдары облыс бюджетін толтырады. Хаттамаларды erap-public.kgp.kz, egov.kz сайттарынан ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіп, жүктеп алуға болады. Сонымен қатар, «Kaspi» банкінің мобильді қосымшасындағы мемлекеттік қызметтер бөлімшесінен де таба аласыз.
Барлық ереже бұзу жағдайлары ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы тіркеу Комитетінің әкімшілік істер бойынша біріңғай реестріне бірден тіркеледі.
Көлік иесі шешіммен келіспеген жағдайда, Тараз қаласы бойынша полиция басқармасына яғни, Толе би даңғылы, 198-ге баруға немесе 8 (7262) 99-76-46 байланыс нөміріне хабарласуға болады.