Таразда Алғыс айту күні аталып өтті

0 7

Жамбылдықтар Алғыс айту күнін кең көлемде атап өтті.

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Достық үйінде ұйымдастырылған «Алғысым шексіз еліме!» атты мерекелік шараға қатысып, жұртшылықты құттықтады.

— Алғыс айту күні – ризашылық пен мейірімділіктің, бірлік пен достықтың, өзара сыйластықтың белгісі. Жалпыұлттық мереке патриоттық сезімге, қамқорлыққа, мейірімділікке үндейді.

Бірлік – біздің басты байлығымыз. Қиын-қыстау кезеңдерде біз ынтымағымызды сақтап, жанашырлық пен ауызбіршілігімізді танытып, татулықтың үлгісін көрсете білдік.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан аға буын өкілдеріне, көзсіз ерлігі үшін бейбіт күннің батырларына, ел игілігіне негізделген елеулі еңбектері үшін барша жамбылдықтарға алғыс айтамын!

Әрқайсымыздың жүрегімізде туған жерге, ортақ Отанымызға деген құрмет пен ризашылық сезімі арта берсін! Әр шаңыраққа береке-бірлік, елімізге бейбітшілік пен тыныштық тілеймін,-деді Нұржан Нұржігітов.

Салтанатты шара барысында бірқатар этномәдени бірлестіктердің өкілдері, дәрігерлер, құқық қорғау және ТЖД қызметкерлері, спортшылар Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісімен, ҚХА төрағасының Алғыс хатымен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Аймақ басшысы Алғыс айту күніне арналған экспозицияны тамашалады.

Бұл күні зиялы қауым, Қазақстан халқы Ассамблеясының, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар бір-біріне достық сезіммен шынайы тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, ел тарихында жарқын із қалдырған ұлы тұлғаларға, қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан батырларға деген алғыс сөздер де айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.