«Ақ мол болсын!» шеберлік сағаты өтті

0 18

Ұлыстың ұлы күнінде қонақтарға халқымыздың кәделі, әрі ең құнарлы  тағамдары пісіріліп, алдарына ұсынылады. Әр шаңырақтың дастарханында тағам көп болса, сол жылы «ақ мол болады» деген ырымға сенген.

Сол себепті ақ жаулықты аналарымыз бен қыз-келіншектеріміз бұл күні тағамның түр-түрін жасап, ас мәзірінің көп болуына аса мән берген. Осы тұрғыда «Анаға тағзым» орталығында «Ақ мол болсын!» тақырыбында ұлттық тағамдарды әзірлеу шеберлік сағаты өтті.

«Береке» аспаздық студиясында өткен шеберлік сағатын Талас ауданы Амангелді ауылынан келген көп балалы ана Мөлдір Желеубаева жүргізіп, үйірме және курс қатысушыларына 7 түрлі сүт өнімін әзірлеу әдісін көрсетті.

Онда сиыр сүтінен ақ ірімшік, қызыл ірімшік, құрт, айран, қатық, бие сүтінен қымыз, ал түйе сүтінен жасалатын шұбаттың дайындалу жолдары түсіндірілді.

Ал, көп балалы аналар Әйгерім Омарова мен Айман Ахмедова қазы айналдырудың қыр-сырын егжей-тегжейлі баяндап берді.

«Қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамдарының бірі – қазы-қарта, жал-жая. Қазы – жылқы етінен ғана жасалады. Қазы жасауды – «қазы айналдыру» деп атайды. Ертеден қалыптасқан қазы айналдыру ісін бүгінде шебер білетін жандар көп-ақ. Дегенмен, әркімнің өз әдісі бар. Біз бүгін өз үлгімізбен бөлістік»,-дейді Айман мен Әйгерім.

Айта кетейік, облыста әз-Наурыз мерекесін тойлау, мерекенің мән-маңызын арттыруға бағытталған шаралар жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.