Кәсіпкер Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жергілікті атқарушы органдардың жер телімінің нысаналы мақсатын балық шаруашылығына аусытыруына кедергі келтіргендігі туралы уәжденген.
Өтінішті қарау барысында Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының берген жауабына сәйкес ауылшаруашылық мақсаттағы жайылым алқабына балық шаруашылығын жүргізуге ҚР Заңдарына қайшы еместігі, оған қоса Шу-Талас бассейндік инспекциясы жер телімі мақсатын балық шаруашылық жүргізуіне ауыстыруға келісім бергендігі белгілі болды.
жер телімнің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту себептерін егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тарапынан әкімдік өкілдерімен және «Дорожник» саяжайының тұрғындарымен ұйымдастырылған кездесу барысында, тұрғындар су басып кету мүмкіндігіне байланысты балық шаруашылығын жүргізуіне қарсы екендігі анықталды.
Дегенмен, кәсіпкер мен тұрғыдар арасында келіссөз жүргізіліп, олардың көпшілігінен жердің нысаналы мақсатын ауыстыруға қарсы еместігі туралы келісімге қол жеткізілді.
Жоғарыда жазылғандар негізінде, әкімдік тарапынан қолдау тауып кәсіпкердің өтініші оң шешімін тапты.