Тараз қаласында «Найза-Терроризмге қарсы-2023» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтуде

0 31

Ағымдағы жылдың 30-31 наурыз аралығында Жамбыл облыстық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Тараз қаласында «Найза-Терроризмге қарсы-2023» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуын өткізуде.

Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының шұғыл ден қою және терроризмнің шартты актісінің жолын кесу жөніндегі міндеттерді орындауға практикалық дағдыларын пысықтау болып табылады.

Азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

Жамбыл облыстық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.