Түркістан мәдениеті – Тараз төрінде

0 53

Түркістан облыстық  Фараб әмбебап ғылыми кітапханасының «Түркістан облысына бес жыл — бес әдеби сапар» жобасы аясында Тараз қаласындағы әдеби күндері өтті.

«Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешені аймағындағы Көрме залында ұйымдастырылған шараға Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдері, Тараз қаласындағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, қала тұрғындары қатысты. Олар түркістандықтардың өлкетану инсталяциялық «Тарихыңды таны,  тұлғаңды құрметте» көрмесімен танысты.

  Сондай-ақ, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония өнерпаздары қонақтарға «Таразым, қандай тамаша!» концерттік бағдарламасын ұсынды.

 Түркістандық қонақтарды Көрме залының фойесінде Тараз қаласындағы Абай атындағы гуманитарлық колледжінің домбырашылар оркестрі қарсы алды.

    Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы жарқын Жамбыл облысы» тақырыбындағы кітап инсталляциясы да қонақтардың  көнілінен шықты.

 Шара барысында зиялы қауым өкілдерімен, қаламгерлермен кездесулер өтті.

Сонымен қатар, Түркістан облысында жолға қойылған «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында Жамбыл өңірінің кітапханашылары Түркістан облысының ауылдық кітапханаларының кітап қорларына 1000 мың дана кітап сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.