Жамбыл облысына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысумен халықаралық конференция өтті

0 12

Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық институтында «Қарахан мемлекеті тұсындағы Ислам» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтті.
   Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірлесе өткізген конференцияның мақсаты – Орта Азия даласына Ислам дінінің келуі, қазақ халқының діни ұстанымы мен Қарахан мемлекеті тұсындағы қазақ жерінен шыққан белгілі тұлғалар және олардың еңбектерін насихаттау.
   Облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев ашқан жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Сондай-ақ, конференцияға баяндама жасауға тарих ғылымдарының докторы, профессор Женгиз Томар (Түркия), тарих ғылымдарының докторы Бабаяров Гайбулла (Өзбекстан), PhD доктор Себетов Жаркынбай (Қырғызстан), қазақстандық ғалымдар – Нұр-Мүбарак университеті Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Шамшәдин Керім, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Мүминов, филология ғылымының кандидаты, доцент Төреәлі Қыдыр және т.б ғалымдар шақырылды.
   Ғалымдар Қарахан дәуіріндегі діннің дамуы, жазба ескерткіштер, Ислам әдебиеті, әдеби жәдігерлер, Тараз қаласының Ислам тарихындағы орны секілді тақырыптар бойынша баяндама жасап, тың тарихи мәліметтермен бөлісті.
Келесі кезекте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыстық «Һибаттула Тарази» орталық мешіті жанынан бой көтерген «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет орталығының және Айша бибі ауылындағы «Һибаттула Тарази» медресе-колледжі ғимаратының ашылуына қатысып, облыстағы спорт майталмандарымен кездесті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.