Жамбылдық шаруалар «Егінжай күні» семинар кеңесіне қатысты

0 24
Жамбылдық шаруалар ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйытқы болуымен, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Алматы облысында өткен танаптық семинар-кеңеске қатысты.
«Ғылым мен өндіріс байланысын нығайту — заман талабы» тақырыбында ұйымдастырылған семинар барысында алдымен Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының егістік алқабы таныстырылып, тәжірибе ретінде көрсетілсе, одан кейін «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ғылыми әзірлемелерін өндіріске енгізу», «Егістік дақылдардың тұқым шаруашылығын дамыту: проблемалары және болашағы», «Жеміс және көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту: проблемалары және болашағы», «Ауыл шаруашылығы дақылдарын кешенді қорғау іс-шаралары», «Сумен қамтамасыз етуді арттыру және суармалы жерлерді ұлғайту перспективалары» тақырыбында баяндамалар жасалып, өңірлерден келген шаруалар өзара пікір алмасты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.