Н. Нұржігітов Yildirim Holding компаниясының басшыларымен кездесті

0 5

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Yildirim Holding компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Басқосу барысында Сарысу ауданында кальцийленген сода өндіретін зауыттың іске асу барысы талқыланды.

Кездесуге Yildirim Holding бас директоры Исмаил Джейлан, «Qazaq Soda» ЖШС директоры Рамазан Ибраимов және CAMCE (China CAMC Engineering Co., Ltd.) мен «SemArko» ЖШС өкілдері қатысты.

Кальцийленген сода өндіретін зауытының жылдық жобалық қуаты 500 мың тоннаны құрайды десек, болашақта 1 миллион тоннаға дейін арттыру көзделуде.

Тараптар жобаны іске асыру мәселелерін және өзара тиімді ынтымақтастықтың жоспарлы әлеуетін саралады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.