Су тапшылығынан зардап шеккен жамбылдық фермерлерге өтемақы төленеді

0 10

Жамбыл облысында трансшекаралық көздерден суармалы судың жеткіліксіз берілуіне байланысты пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұр. Зардап шеккен шаруашылықтарға өтемақы бөлу туралы ұсыныстар енгізіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметіне сәйкес, 9 тамыздағы жағдай бойынша Талас өзенінің бассейні бойынша Киров су қоймасының көлемі – 32,48 млн текше метр, бұл – бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 144,8 млн текше метрге аз (177,28 млн м3).

Былтырғы тамыз айындағы кестелік көрсеткіш бойынша Қазақстанның қажеттілігі – 45 м3/сек, іс жүзінде су берілмеген – 0 м3/сек.

Қазіргі уақытта Қырғызстанның Талас БУВХ қызметімен «Жамбыл ГРЭС» АҚ жұмысын қолдау үшін су қоймасынан кемінде 5 м3/сек су беру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Талас өзенінің арнасына экологиялық тазарту да қарастырылып отыр.

Сондай-ақ, Талас өзенінің арнасына судың түсуін ұлғайту мақсатында «Қазсушар» РМК филиалы мемлекеттік шекара бойында коллекторлық-дренаждық желілерді тазартуды жүргізеді, бұл Талас өзеніне судың түсуін 5-тен 8 м3/сек дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Талас су торабындағы су көлемі коллекторлық сулармен толтырғанның өзінде – 7,26 м3/сек, пропорционалды үлестердегі су және су айналымы әдісімен Жамбыл және Байзақ аудандарына бөлінеді, Талас ауданы суарудан толығымен ажыратылып отыр.

Киров су қоймасынан судың жеткіліксіз жетуіне байланысты шамамен 4 мың га пияз бен қант қызылшасы алқаптарына қауіп төніп тұр.

Шу өзені бассейніндегі су Георгиев магистралі (ГМК), Колос, Шортөбе каналдары арқылы Қордай ауданына, Меркі ауданына ЗБЧК каналы арқылы беріледі.

Сумен қамтамасыз етудегі негізгі проблема Қордай ауданының ГМК каналы бойынша қалыптасып отыр, оның қамтамасыз ету аймағы – 28 мың гектар жер. Тамыз айында бұл арнаның қажеттілігі 14 м3/сек болды. Бірақ, 26 маусымдағы кесте бойынша (мұнда 9 м3/сек тиесілі) іс жүзінде 7-ден 6 м3/сек дейін, төменгі бағыт бойынша сараптық қателер көп болды. Ал, 9 тамызда тұтыну 6,7 м3/сек болды және бұл шығынмен каналдың 60 шақырымға су таратуын реттеу мүмкін болмады.

Су тапшылығына байланысты Қордай ауданының Сарыбұлақ, Бетқайнар, Қақпатас және Степное ауылдық округтері (шамамен 5 мың га) суарудан шығарылды.

Меркі ауданының ЗБЧК каналы бойынша Қырғызстаннан су соңғы 4-5 жыл ішінде келіп түскен жоқ. Соның салдарынан 10 мың гектарға жуық егістік өзінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Бұл жағдайдан шығу үшін ЗБЧК арнасын Ішкі көз – Аспара өзенінен толтырып келген.

Сумен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан сындарлы жағдайды ескере отырып және аталған аудандарда әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін ҚР Премьер-Министрі А. Смайыловтың тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды, сол шаруаны реттеу аясында 18-20 шілде аралығында Қордай, Байзақ және Талас аудандарының егіс алқаптары визуалды тексерілген болатын.

photo

 

Жалпы, визуалды тексеру Қырғыз Республикасы тарапынан суармалы судың жеткіліксіз түсуіне байланысты егістіктерде қолайсыз жағдай қалыптасқанын растады. Жұмыс тобының қорытындысы бойынша трансшекаралық көздерден суармалы судың жеткіліксіз берілуінен зардап шеккен шаруашылықтарға өтемақы бөлу туралы ұсыныстар енгізіледі.

«Жыл сайын су ресурстарының жетіспеушілігі барған сайын артып барады, соған орай біз жыл сайын ылғал сүйгіш дақылдарды егуді қысқартуды, ылғал үнемдейтін технологияларға көшуді, ауыспалы егістерді, суару режимдерін және басқа да мелиорациялық шараларды сақтауды ұсына отырып, бұл мәселені көтереміз», — деді вегетациялық кезең жоспарын іске асыруды пысықтау үшін Жамбыл облысында іссапармен барған Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Галидулла Азидуллин өңір өкілдерімен кездесуінде.

Су тұтынудың өсіп келе жатқан көлемін ескере отырып, егістік алқаптарына тексеріс жүргізіледі. Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалында пилоттық жоба шеңберінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-мен бірлесіп, келесі вегетациялық кезеңде қолда бар егістік алқаптарына су берудің қажетті көлемін есептеу үшін егістіктің нақты картасын анықтау үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.