«Amanat» партиясы жанындағы өңірлік кеңестің көшпелі отырысы өтті

0 12

«Amanat» партиясы аймақтық кеңес мүшелері бүгін Байзақ ауданында көшпелі кеңес отырысын өткізіп, аудан тұрғындарының жеке және көпқабатты тұрғын үй соғуға берілетін жер мәселесін саралады.

Кеңесте Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков тұрғындарға баспана соғуға беріліп жатқан жер телімдерінің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі, жер кезегінде тұрғандардың санын азайту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Қазірге дейін ауданда үй соғуға 12 226 адам кезекке тіркелген.

-Соңғы бес жылда ауданда жер беру қарқын алған. Әсіресе мыңнан астам адам кезекте тұрған Үлгілі, Дихан ауылдарында берілетін жер учаскелерінің саны көбейген. Алайда кейбір ауыл тұрғындары тиесілі жерді алғанымен баспана соғуға асықпай отыр. Бұл өз кезегінде ауылға асфальт көшелер тарту, жол жөндеу жұмыстарының кешеуілдеуіне әкеліп соғуда,-деп атап өтті аудан әкімінің орынбасары.

Ауданға қарасты 18 ауылдық округ, 43 елді мекен бар. Аудан ауыз сумен 100% қамтылған. Ал ендігі көгілдір отын мен автожолдың мәселесі де жолға қойылған. Инфрақұрылымды дамыту жолында жұмыс жасап жатқан мердігерлердің жауапкершілігі де назарға алынды. Кеңес мүшелері жер беріліп жатқан учаскелердің интернетпен қамтылуына, инфрақұрылымның толық жасақталуына байланысты мәселе көтеріп, тиісті сала басшыларына ұсыныстарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.