Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдады

0 24

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.

Атап айтқанда, тараздық өнертапқыш Аюбаев Марат жаңа технологияларды қолдана отырып жасаған өрт сөндіру құрылғысын жүзеге асыруға қолдау көрсетін сұрады. Ал, сарысулық Парсаева
Фариза Қызының еміне демеушілер есебінен қаржылай көмек сұрады.

Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар қайырымдылық көмек көрсету, көпқабатты тұрғын үй ауласын реттеу, спорт нысандарын салу және өзге де мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.
Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.