Жуалы ауданы Сұрым ауылында медициналық пункт ашылды

0 16

Жамбыл облысында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында сапалы қызмет көрсететін емханалар мен ауруханалар бой көтеруде.

Осы орайда Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округіне қарасты Сұрым ауылында медициналық пункт ел игілігіне берілді.

Қысқа мерзімде салынып, пайдалануға берілген денсаулық сақтау нысаны заман талабын ескере отырып бой көтерген.

Аталған нысан 5 келушіге арналған. Ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсету үшін арнайы жабдықтармен, тиісті құрал-саймандармен толық қамтылған.

Қазіргі таңда Жуалы ауданында 1 емхана, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт, 34 медициналық пункт, 8 дәрігерлік амбулатория аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Айта кетейік, биыл облыста 10 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт, 4 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.