Қылмыстың алдын алудың бір жолы-сапалы білім беру

0 20

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу қауіпсіз қоғамды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан облыста осы бағытта бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, мәселе күн тәртібінен түспей келеді. Сондықтан, прокуратура, полиция қызметкерлері, мектеп және колледж директорлары қатысқан кезекті жиын өтті.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын- алудың негізгі аспектілерінің бірі-сапалы білім. Сонымен қатар, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасау. Қабілетіне қарай түрлі дағдыларды қалыптастыруға ықпал ету.
-Өз тарапымыздан ахуалды білу үшін сауалнама жүргіздік. Кейбір мектептерде оқушылар арасында бопсалау әрекеттерінің , құнды заттар мен ұялы телефондарды тартып алатын балалардың бар екені анықталған. Прокуратура өкілдерінің араласуымен аталған әрекеттерге тосқауыл қойылды. 26 мектепте жүргізілген сауалнаманы оқушылардың орнына мұғалімдер толтырып жатқан кезде қызметкерлердің назарына ілінді,-дейді Тараз қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Мақсат Жетігенов.
КТМ: Қоғамда көбіне ұрлықты кәмелетке толмағандар жасайды. Олар негізінен ақша, ұялы телефонды көп қолды қылуда. Мамандардың сөзінше, осындай олқылықтарға көбіне ата-аналардың балаға немқұрайлығы себеп екен.
-Ата-ана мен баланың арасында күнделікті байланыс жоқ. Қандай жағдай болмасын олар әке-шешесінің қолдауына зәру. Тіпті жасөспірімдердің күнделікті кіммен араласатынын, айналасындағы оқиғалардан , таныстарынан бейхабар ата аналар бар-дейді психолог Ольга Лаврова.

Жасөспірімдер арасында қылмысты азайтуға сеп болатын маңызды элемент – балалардың ойын өзгертетін оңалту және әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру керек. Сонда ғана қиын мінезді балалардың психологиясы өзгеріп, қоғамға деген көзқарасы дұрыс қалыптасады дейді жиынға қатысушылар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.