250-ден астам жамбылдық баспаналы болды

0 16

Жамбыл облысына қарасты Талас және Қордай ауданында тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, 252 отбасы баспаналы болды.

Қаратау қаласында екі көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті. Нәтижесінде кезекте тұрған 192 таластық баспана бақытына ие болды. Жыл басында 80 пәтерлі тұрғын ел игілігіне тапсырылған болатын. Талас ауданының әкімдігі кезекте тұрған 1487 азаматтың баспана мәселесін кезең-кезеңімен шешуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Қордай ауданында да 60 азамат пәтер кілтін иеленді. Олардың қатарында әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтар мен кезегі келген тұрғындар бар.

Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 2 909 пәтерлі 56 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысына сәйкес 54 үйді пайдалануға беру көзделіп отыр.

Сонымен бірге халықтың әлеуметтік осал топтары үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан 345 пәтер және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ есебінен 1 221 пәтер сатып алу жоспарланған.

Бұдан бөлек, жеке инвестиция есебінен 1 105 пәтерлі 14 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Жалпы, биыл кезекте тұрған жамбылдықтарды тұрғын үймен қамту көрсеткішін 227,1 пайызға (2023 ж. 100,2%) арттыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 2 173 кв жалға берілетін тұрғын үй (2023 ж. 1 122 кв), 2 151 кв әлеуметтік несиелік тұрғын үй (2023 ж. 782 кв) беру көзделген.

Соңғы жаңалықтар

Leave A Reply

Your email address will not be published.