Халықаралық театр күні қарсаңында облыс орталығында Тараздағы жалынды жастардан құралған жаңа театрдың тұсауы кесілді.
Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен тұсаукесерде облыс әкімі Ербол Қарашөкеев шымылдығын жаңадан түрген жастар театрының ашылуымен құттықтап, мерекеге орай облыстағы театр майталмандарын марапаттады.
Сонымен қатар, мәдени шарада ҚР еңбек сіңірген әртісі, ҚР құрметті журналисі, өңірлік ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейілхан жас театрға ақ тілегін білдірді.
Бұдан соң қалалық жастар театрының «Уақыттан биік әуен» атты қойылымының премьерасы көпшілік назарына ұсынылды.