Таразда студенттік ассамблея ашылды

0 2

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде студенттер және өңірлік ҚХА «Ассамблея жастары» ҚБ белсенділерінің қатысуымен «Студенттік Ассамблея»: «Алтын шаңырақ» студенттер ассамблеясы ашылды.


Жиында университет ректоры, аймақтық ҚХА ҒСТ төрағасы, Махметғали Сарыбеков сөз алып, студенттік ассамблеяның құрылу маңыздылығын айрықша атап өтті.
Этносаралық келісім және азаматтық бірегейлік саясаты жөнінде жастарды, оның ішінде әртүрлі этностардың өкілдерін шоғырландыруды міндеттейтін «Студенттік Ассамблея»: «Алтын шаңырақ» студенттер ассамблеясы түрлі этнос жастарын бірлік пен келісім құндылықтары төңірегінде біріктіретін алаңға айналмақ.
Келелі басқосуда «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева студенттік ассамблея этносаралық татулық пен келісімді нығайтуға, Қазақстанда өмір сүретін этнос өкілдерінің салт-дәстүрін, мәдениеті мен тарихын құрметтеуге бағытталған бастама екендігіне тоқталып, студенттік демократияны дамытудың да оңтайлы тетігіне айналатындығын жеткізді.
Сондай-ақ, басқосу барысында сөз сөйлеген ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының орынбасары және өңірлік жастар бірлестігінің төрайымы Хамида Турдыева да жастар алаңының ашылуымен құттықтап, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шараларды бірлесе өткізетіндігіне сенім білдіретінін жеткізді.
Қазақстан халқы студенттік Ассамблеясының үлгілік ережесінің талаптарына сай «Алтын шаңырақ» студенттер ассамблеясының төрағасы болып Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Экономика және бизнес» факультетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының І курс студенті, қаламыздың белсенді жасы, кәріс этносының өкілі Ким Аяна Радионовна сайланды.
Студенттік ассамблея құрамына «Ассамблея жастары» РҚБ және этномәдени бірлестіктердің өкілдері еніп, құрамы бекітілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.