Вандализм-қоғам дерті

0 3

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Жамбыл облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен вандализмге қарсы «Барыңды бағала» акциясы Тектұрмас этно-тарихи кешенінде өтті.

Облыстық ҚХА Аналар кеңесінің бастамасымен өткен шараға ҚХА Ақсақалдар мен Аналакеңесінің мүшелері және Білім колледжінің директоры Жанат Ертаева, Жалпақтөбе ауылы Чкалов атындағы орта мектеп оқушылары мен мұғалімдері, колледж студенттері қатысты.

Облыстық «Жаңару» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев жас ұрпақ бұл ескерткіштерді көргенде тарихи тұлғалар туралы біліп қана қоймай, еліне деген отансүйгіштік рухтары оянатынына кәміл сенімді екенін жеткізді.
Шарада өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Эльмира Мырза-Ғали вандализм, 5 кеселмен күрес жайын, мақсат-міндеті туралы жастарға түсіндірді.

Ал Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов тарихқа шолу жасап, рухани құндылықтарға баса мән беру қажеттігін айта келе, қоғамдағы берекелі бірлікті нығайтуға атсалысуға шақырды.

Аға буын өкілдерінен бағалы ақпараттар алған жастар қаламыздың әр қоғамдық игілігін күтіп ұстауға уәде беріп, мәдени игіліктерге қамқорлық жасап жүруге ізгі тілек- ниеттерін білдірді.
Сондай-ақ, жастар Тектұрмас этно-тарихи кешені, «Әулие-Ата» ескеркіші айналасын қоқыстан тазартып, шаң-тозаңды сүртіп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.