Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің өкіміне сәйкес Әйгерім Маратбекқызы Дәулетбаева 2025 жылдың 27 наурызынан бастап облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (жалақысыз негізде) лауазымына тағайындалды.
Әйгерім Маратбекқызы 1986 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Абай атындағы гуманитарлық колледжде «бастауыш сынып мұғалімі», Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «дефектолог-логопед» мамандығы бойынша білім алған. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде магистр дәрежесін иеленген.
Еңбек жолын 2004 жылы «Мүгедектердің жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінде төраға орынбасары болып бастады.
Әр жылдары «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы», «Батыл ана – мүгедек балалардың ата-аналар қоғамы», «Нұр-Бала» сынды қоғамдық бірлестіктерді басқарды.
2020 жылдан бастап «Мүгедектердің жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарып келеді.
Тараз қалалық мәслихатының VII және VIII шақырылымдарының депутаты.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі.