Тараз төрінде бірлік күні тойланды

0 5

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі. Еліміз үшін маңызды мереке Жамбыл жерінде де ерекше аталып өтті. Түрлі этнос пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттайтын мерекеге аймақ басшысы, ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеев арнайы келіп қатысты. «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған іс-шара Достық үйінің алаңында «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атауымен ұййымдастырылды.


Мерекелік шараға — ҚХА мүшелері, құрылымдары, этномәдени бірлестіктері, ҚХА ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, мәдениет, денсаулық, спорт және білім саласының қызметкерлері, спортшылар, БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Ауқымды шара этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдары мен қолөнер шеберлерінің көрмесін және салт-дәстүрлерінен қойылымдар тамашалаумен басталды. Көрмеде «Әулиеата» қазақ мәдени орталығы, «Қазақстан татарлары мен башқұрттарының конгресі» РҚБ филиалы, аймақтық немістер, гректер қоғамы, «Қазақстан Республикасы күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығы» РҚБ филиалы және облыстағы «Барбанг», «Вынхуа» дүнген, «Хазар» әзірбайжан, «Манас ата» қырғыз қоғамдық бірлестіктері, «Коре» корейлер қауымдастығы, М.Қашқари атындағы ұйғыр, қарашайлар мен балқарлардың «Архыз», «Ахыска» түрік этномәдени бірлестіктері, «Днепро» украин, «Щиват Цион» еврей, қалалық өзбек, қытай, тәжік, «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталықтарының ұлттық тағамдары, этникалық киімдері, тұрмыстық бұйымдары қойылып, вокалдық өнері мен этникалық билері ұсынылды.
Дәл осы сәтте спорт алаңында гір тасын көтеру, мас-рестлинг, армрестлинг, садақ, асық ату, ләңгі тебу және т.б. ұлттық спорт түрлері мен ойындары бойынша мерекелік жиынға қатысушылар арасында сайыстар ұйымдастырылды.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі, аймақтық ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеев Жамбыл жұртшылығын мерекемен құттықтап, ҚХА мүшелері мен ардагерлеріне, ҚХА этномәдени құрылымдарының өкілдеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық және «Облыстық сіңірген еңбегі үшін» медальдары, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті.
Мерекелік шара этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, Қ.Әзірбаева атындағы Жамбыл облыстық филармониясы, Оқушылар сарайы және т.б. өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен түйінделді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.