Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы саласына 4,1 млрд теңге инвестиция тартылған

0 3

Өңір дамуының І тоқсандағы қорытындысы бойынша ауылшаруашылығында 38 млрд теңгенің өнімі өндіріліп,  4,1 млрд теңге инвестиция тартылған. Аталған мәлімет ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысқан «Ауыл шаруашылығын дамыту» тақырыбында өткен дала семинарында айтылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Көшеновтің айтуынша, биыл саланы дамытуға 48,2 млрд теңге бөлінген. Бүгінге дейін 3,4 мың шаруаға мемлекеттік қолдау көрсетіліпті. 641,2 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған болса, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14,5 мың гектарға артық.

Көктемгі дала жұмыстарына Үкімет тарапынан 20 мың тонна дизель отыны бөлінді. Қазіргі таңда шаруаларға тарату жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде. 498, 5 мың гектар алқапқа 99,7 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған. 400-ден астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, жаңару деңгейін 6,5 пайызға жеткізу көзделуде.

Ағымдағы жылы 25 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізіліп, жалпы көрсеткіш 80,4 мың гектарға ұлғаяды.

Жыл қорытындысы бойынша егістік алқаптарынан 3,2 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімі алынады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.