Өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы жыл сайын дәстүрлі түрде Білім күніне орай, этномәдени бірлестіктердің демеушілігімен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді.
Кезекті игілікті іс ағымдағы жылдың 28 тамызында «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтті.
Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов бастаған бірлестік белсенділері Примкул Нарзикулов, Рустам Султанходжаев, Лобара Аширова жалпы білім беретін мектептің 15-тен астам оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтарымен қоса мектеп формалары, аяқ қиімдер, сөмкелер табыстады.
Акциянын мақсаты- аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылы алдында әлеуметтік көмек көрсету болатын.
Аталмыш науқан алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.