Өңірлік кадр резервінің мүшесі Балаби Әлібиұлы Түменбаев Жамбыл облысы әкімі аппараты талдау және сыртқы байланыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Балаби Әлібиұлы Шу ауданында 1993 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін «Мұнай-газ ісі», 2020 жылы Халықаралық гуманитарлық техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы Шу ауданы әкімдігінің тұрғын инспекциясы бөлімінің инспекторы болып бастаған.
Әр жылдары Шу ауданы әкімдігінің тұрғын инспекциясы бөлімінде хатшы, бас маман, Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінде бас маман, аудан әкімінің бас инспекторы, бөлім басшысы, сондай-ақ Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2024 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Өңірлік кадр резервінің мүшесі ретінде Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.
Үйленген. 3 баланың әкесі.