Бүгін Суханбаев ауылдық округінің Қосы батыр елді мекенінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, ауқымды сенбілік жұмыстары өткізілді. Негізгі назар ауданның тарихи-мәдени нышаны – Қазақ — жоңғар соғысының айтулы қаһарманы, он бес жасынан шайқасқа қатысып, жиырма бесінде «ақ сауытты, алмас қылышты хас батыр» атанған Қосы Сәмбетұлының ескерткіші мен оны қоршаған аумаққа көзделді. Аталған шараға аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасы бастаған топ мүшелері де атсалысып, көппен бірге тазалыққа өз үлестерін қосты. 
Сенбілікке жергілікті тұрғындар, мекеме қызметкерлері мен белсенділер қатысты. Қатысушылар ескерткіш маңынан қоқыстарды жинап, қураған ағаштарды бұтап, күзгі жапырақтарды тазалады, сондай-ақ алқаптарды көркейту бойынша жұмыстарды жүргізді. Мешіт маңында ауыл келіндері бауырсақтарын пісіріп, ыстық шайларын ұсынды. Әуелеген әсем әндер де шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Тұрғындар осындай іс-шараларды болашақта да жалғастыратынын және ауданымыздың табиғаты мен мәдени мұрасын қорғауға белсенді атсалысатынын атап өтті. Аумақты тазалау жұмыстары бірнеше сағатқа созылды. Нәтижесінде аумағы үш гектарды алып жатқан ескерткіш айналасы тазартылды. Бұл іс-шара суханбайлық ағайынның ауызбіршілігі мен жауапкершіліктің жоғары үлгісін көрсетті.
Тарихи орындардың тазалығын сақтау ұрпақтарға деген сыйластықтың бір түрі болып табылады. Бұл тек қана аумақты тазарту емес, сонымен бірге, келер айда 355 жылдығы атап өтілетін Қосы батырдың есімін ардақтау, оған деген құрмет пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу акциясы болғанын айта кетейік.
								
									
								 Sign in							
							
								
									
											
										
											
		
					
								
			
			
	
										
									
								
							
												
				
				
				 Sign in
				
					
						
						
										
				
			
			Recover your password.
A password will be e-mailed to you.