2025 жылғы 12 қараша күні Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «Бір ой – бір қадам» атты жастарға арналған диалог алаңы өтті. Іс-шараны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі және «Еркін пікір» облыстық пікірсайыс одағы бірлесе ұйымдастырды.
Диалог алаңының мақсаты – жастар арасында «Адал азамат», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Жұмысшы мамандықтардың қадірі» қағидаттарын насихаттау, еңбекқорлық, жауапкершілік және жасампаздық құндылықтарын дамыту болды.
Іс-шараға 60 студент қамтылды. Шара дөңгелек үстел форматында өтіп, интерактив пен ашық пікір алмасуға негізделді.
Шараға «Қоғамдық келісім» мекемесінің жастар ісі жөніндегі маманы Алмас Ақынтай қатысып, «Жаңа толқын» және «50 жас көшбасшы» жобалары туралы ақпарат беріп, жастардың қоғам өміріндегі белсенділігі мен жаңа бастамалар жөнінде бөлісті.
Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, жаңа идеялар мен серпін алды.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.