ҚХА Меценаттары 30 студенттің оқу ақысын төледі

0 2

2025 жылдың 25 қарашасында  ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойын қорытындылауға арналған «Жомарт жан» орталығының «Еңбек елдің — ертеңі» жобасы аясында 30 студентке бір жылдық оқу ақылары төленген сертификаттар берілді.

 

Жаны жомарт жандардың жиынына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, басқарма басшылары, «Жомарт жан» орталығының меценаттары, саяси партиялар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері, этномәдени бірлестік басшылар мен мүшелері, студенттер, өңірлік БАҚ қатысты.
Жалпы жоба білім берудегі қайырымдылықты қазақстандық қоғам дамуының негізгі элементі ретінде танытуды, қайырымды жандардың қолдауы және ҚХА қызметі жастарға ел болашағы мен экономикасын нығайту үшін жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын түсіндіруді көздейді.
Ассамблеяның ауқымды қайырымдылық жобаларын жүзеге асыру мақсатында құрылған «Жомарт жан» орталығының іс-шарасы жиынға қатысушылар мен студенттерге экскурсия жасаумен басталды. Достық үйінің ішкі құрылысымен танысқан қатысушылар ары қарай «Болашаққа жол жұмысшы мамандықтарынан басталады» атты колледждер және ҚХА жанындағы қолөнер шеберлер клубының көрмесін тамашалады.
ҚХА 30 жылдығын түйіндеген маңызды жиын «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» бейне ролигінің көрсетілімі мен облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің құттықтау сөзі, марапаттау рәсімімен басталды. Аймақ басшысының орынбасары Ассамблея мерейтойы аясында жүзеге асырылған жұмыстар легімен таныстырды. Сондай-ақ, «Жомарт жан» орталығының мүшесі, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Вагиф Халиловқа – ҚХА «Жомарт жан» төсбелгісін табыстады.
Жиын барысында ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Асқарбек Сейілханов пен «Днепро» украин мәдени орталығы» ҚБ төрағасы Федор Клименко жоба жұмысына тілектестіктерін білдіріп, сәттілік тіледі.
Ал, аймақтық «Жомарт жан» орталығының төрағасы Жалил Аббосов өз сөзінде өткен жылы құрылған орталықтың жұмысымен таныстырып, бүгінде жүзеге асып жатқан «Еңбек — Елдің ертеңі» атты жаңа жобаның әзірлеу барысы, негізгі мақсаттарымен бөлісті. Сонымен қатар жоба барысында жұмысшы мамандықтар жылына және ҚХА 30 жылдығына орай көп балалы және әлеуметтік осал отбасыларға арналған техникалық және кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын 30 студентке бір жылдық оқу ақысы төленген сертификаттар табыстауды жоспарлағаны туралы мәлімдеді.
Орталық басшысы өз баяндамасынан кейін көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасылардан және оқу үлгерімі жақсы студенттер таңдалып алынған Жамбыл политехникалық жоғары, Тараз политехникалық, «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық, Тараз инновациялдық көпсалалы, Тараз мамандандырылған, Қазіргі заман гуманитарлық-техникалық колледждері және Қордай, Меркі, Шу, Жаңатас, Қаратау аудандарындағы колледждер бар жалпы 30 студентке оқу ақысы төлеген сертификаттар табыстады.
Айта кету керек «Жамбыл облыстық «Корё» кәрістер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кан Лаврентий М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің бес студенті оқу ақысымен қамтамасыз етті. Дәстүрлі үрдіс жыл сайын тұрақты түрде жүзе асырылатын болады.
Сертификатқа ие болған студенттер арасынан Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Рассул Нурматов және Жаңатас көпсалалы колледжінің студенті Роман Франк ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғыстарын айтып, қуаныштарымен бөлісті.
Жиын барысында бұдан өзге «Жомарт Жан» орталығында «BolashaqHands» атты жаңа еріктілер клубы таныстырылды. Бұл туралы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева өз баяндамасында айтты.
ҚХА 30 жылдығына арналған қорытынды жиынның соңы Сергей Семыкинның «Атамекен» әнімен өз мәресіне жетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.