Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық «Көшбасшылар мектебі» жобаның екінші күні. Ел көлемінен жиналған этностар жастарының кездесуі облыстық психологиялық қолдау орталығының әдіскер-психологі Жұлдыз Шерметованың «Қарым-қатынас психологиясы: дұрыс тыңдау және түсіну. Темпераменттердің бояуы» тақырыбындағы семинар-тренингімен басталды.
Аталған семинар жастардың өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру, тыңдау мен түсіну дағдыларын дамыту, тұлғааралық байланыстағы психологиялық ерекшеліктерді талдауды көздейді.
Жиын барысында қарым-қатынас түрлері мен тиімді тыңдау әдістері туралы мәлімет беріліп, түрлі жағдаяттар арқылы өзара пікір алмасу ұйымдастырылды. Этнос жастары тыңдай білу мәдениетінің қарым-қатынас сапасына әсері, түсініспеушілік себептері және т.б психологиялық ұғымдар жөнінде ой бөлісті.
Жастарға арналған семинар ары қарай мобилограф, контент-мейкер Розмат Ергешовтың «Контент тілін меңгер: жастардың жаңа мүмкіндігі» тақырыбындағы тренингіне ұласты.
Жиында маман цифрлық технологиялардың жаңа мүмкіндіктері, соның ішінде жасанды интеллектпен жұмыс істеу және тиімді пайдаланудың жолдары туралы жастарға керекті мәліметтермен бөлісті.
Сондай-ақ, контент тілін меңгеруде СММ-мамандықтары да назардан тыс қалмады. Мұндай бастамалар жастар алдында жаңа мүмкіндіктердің есігін ашары анық.
Семинар-тренингтердің соңы жастарға сертификаттар табыстаумен өз мәресіне жетті.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.