Ізгілік-іс әрекеттен көрінеді

0 45

Сарысу ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларға қолдау көрсетілді.


«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы қоғамдағы жанашыр азаматтарды, меценаттар мен жастар өкілдерін біріктіріп, қайырымдылық, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін дамытуға ықпал етіп келеді.
Сарысу ауданында «Мектепке жол» акциясы аясында жүзеге асырылған қайырымдылық бастама барысында 36 балаға мектеп сөмкелері мен қажетті кеңсе тауарлары табысталды.
Іс-шараға Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков қатысты.
Ізгі бастаманы өңірлік жастар белсенділері Хамида Тұрдыева, Исмаил Щимеев және жас меценат Шакир Мауров қолдады.
Мұндай қолдау – балалардың жаңа оқу жылына дайындығына көрсетілген көмек қана емес, сонымен қатар оларға қуаныш сыйлап, өздеріне деген сенімін арттырып, қоғамның қамқорлығын сезіндірудің жарқын үлгісі.
«Балаларға көмек көрсету – шын мәнінде маңызды іс жасауға берілген мүмкіндік. Біз оларға тек мектепке қажетті құрал-жабдықтарды табыстап қана қоймай, жаңа оқу жылы қарсаңында қуаныш пен сенім сыйлағымыз келді. Осындай бастамаларға қолдау білдіретін азаматтар саны артып, бұл игі іс жақсы дәстүрге айналады деп сенемін», – деді жас меценат Шакир Мауров.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.