ЖАМБЫЛДЫҚ ОҚУШЫЛАР АБАЙ ОҚУЛАРЫНЫН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

0 5

Ағымдағы жылдың 22-25 тамыз күндері аралығында Семей қаласында өткен ХІХ республикалық Абай оқуларына Жамбыл облысынан 4 оқушы қатысып, жүлделі орындарды қанжығаларына байлап қайтты. Бұл туралы «ZhambylNews» АА хабарлайды. 

Абай оқуларының «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты байқауы бойынша қатысқан Меркі ауданы №14 орта мектептің 7 сынып оқушысы Құдайберген Жанель, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» байқауы бойынша қатысқан Т.Рысқұлов ауданы Жамбыл атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Аманбек Нұрболат және «Ұлылар әлемі» байқауы бойынша қатысқан Шу ауданы Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Рысбекова Анель ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып, облысымыздың атын асқақтатып қайтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.