Меркі ауданында ІТ-сынып ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
«Нұр Отан» партиясының қолдауымен ашылған ІТ-сынып қажетті құрал-жабдықтардың барлығымен жабдықталған.
Жаңа оқу жылы қарсаңында ашылған сынып оқушылардың техникалық пәндерге деген қызығушылығын артырып, роботтехника және 3D модельдеу негіздеріне баулиды.