Шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаржы көлемі артады

0 3

Шағын кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қаржы көлемі артады. Бұл туралы бүгін “Баласағұн” ОКЗ-да өтіп жатқан жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметов айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

— «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мерзімі 2025 жылға дейін ұзартылуын ескере отырып, келесі жылға осы мақсатта жоспарланған 1,2 млрд. теңгені кемінде 2 есеге ұлғайту қажет. Бұл жаңадан ашылатын кәсіпкерлік пен кәсібін кеңейтетін бизнестің үлесін 30%-ға арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Даму» қорымен бірлесе қаражат бөлу принципімен 2018 жылы облыстық бюджеттен 500 млн. теңге, «Даму» қорынан 1 млрд.теңге қарастырылған. Ал, ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 1,0 млрд.теңге бөлініп, жалпы сомма 5 млрд.теңгеге жетті. Келесі жылы бұл қаржылардың көлемін барынша көбейтетін боламыз, — деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов

Leave A Reply

Your email address will not be published.