Жамбылдық полицейлер сыбайлас жемқорлық мәселелерін талқылады

0 1

Жамбылдық полицейлер сыбайлас жемқорлық мәселелерін талқылады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлескен мәжіліс өткізілді. Онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы талқыланып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен аяқталған қылмыстық істер бойынша ұсынымдар қаралды.

Мәжіліске Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахытжан Ералин төрағалық етіп, алғашқы сөзді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нүркен Исламовқа берді.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Қайрат Ақмұрзаев пен Тергеу басқармасының басшысы Жаннұр Тасқұлов аталған тақырыптарда мазмұнды баяндама жасады.

Бірқатар өзекті мәселелер талқыланған жиынды Б.Ералин қорытындылап, сыбайлас жемқорлықты жоюда бірлескен жұмыстың оң нәтиже беретініне сенім білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.