Жамбыл облысында баспасөз қызметіне жауапты мамандарымен кезекті семинар ұйымдастырылды

0 4

Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-і облыс әкімімен бекітілген әлеуметтік желідегі атқарылатын жұмыс алгоритмі бойынша облыстық басқармалардың баспасөз қызметіне жауапты мамандарымен кезекті семинар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Семинар барысында екінші жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспары және «Ашық есік күнін» ұйымдастыру мен мемлекеттік аппараттың оң имиджін қалыптастыру мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, кездесуде әлеуметтік желілерде жұмыс істеу және қоғаммен тиімді кері байланыс орнату, әлеуметтік медиадағы жарияланымдардың контент-жоспарын жоспарлау мен оларды жүзеге асыру алға қойылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.