Тараз қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы пара алғаны анықталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының пару алу фактісін анықтады.
Ол делдал арқылы жеке компания өкілінен жүзу бассейнін пайдалануға оң санитарлық-эпидемиологиялық тұжырым жасау үшін 100 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», делінген хабарламада. Агенттіктің мәліметінше, күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді сот шығаратын болады.