Жамбыл облысында жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында іс шаралар атқарылуда

0 1

Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаменті қызметкерлері «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалымен бірлесе отырып, облыс автожолдарында, оның ішінде «Алматы – Ташкент — Термез Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 555 — 566 шақырымдарында автокөліктердің жүргізушілеріне жылдамдығын ақпараттандыратын электрондық табло орнатуға шешім қабылданды. Қазіргі таңда аталған табло өз қызметін толық атқаруда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Автокөлік паркінің үнемі ұлғаюуы адамзат алдында елеулі проблемалар қойды. Бүгінгі күні осындай проблемалардың бірі -азаматтармен техникалық мүмкіндігі жоғары автокөліктерді алуы және пайдалануы.

Жолдардағы ең басты проблема — жүргізушілердің жылдамдық режимін бұзуы. Автокөлік жүргізушілері өздерін кінәсіз сезінгендіктен қозғалыстың бекітілген жылдамдығын асырады.

Жылдамдық режиміне жалпы шектеуліктердің барына және жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің тарапынан үнемі бақылаудың болуына қарамастан, облыс жолдарындағы жағдай күрделі болып қалуда.

Оған қоса, қазіргі кезде «Алматы – Ташкент — Термез (Батыс Еуропа – Батыс Қытай)» тас жолында автокөліктердің ағымын екіге бөлетін қисық сызықты брусты түнгі мезгілде көру қабілеттігін жақсарту мақсатында, брустың ортасына жол ұйымдарының қызметкерлерімен 1.32.1 – 1.32.2 «Кедергіні айналып өту» жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.