Тоғай тұрғындарына тарту жасалды

0 2

1-қыркүйек білім күні қарсаңында Шу ауданының мектептері тағы білім ошағымен толықты. Ауданға қарасты Тоғай шағын ауданынан  300 орындық жаңа оқу ордасы пайдалануға берілді,-деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Осы уақытқа дейін Тоғай  мөлтек ауданының тұрғындарына   мектептің аздығы қиындық тудырып келген еді.  Биыл бұл мәселе өз шешімін тауып, 300 орындық жаңа білім нысаны  тұрғындар игілігіне берілді. Жобалық құны 1,3 миллиард теңгені құраған нысанға   Тұрар Рысқұлов мектебі  көшірілді. Білім ұясының ашылуына  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров қатысып,  ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды білім күнімен құттықтады.

Жаңа мектепте барлық жағдай жасалған. Оқу кабинеттері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.  Бұл- тоғайлық тұрғындарды  үлкен қуанышқа бөледі.

Оқуымды аяқтап, арнайы жолдамамен Шу ауданына келдім,содан  ширек ғасыр қаладағы Төле би атындағы мектеп ұстаздық еттім, директор болдым. Қалалық білім саласын басқардым. Біздің кезеңмен қазірге кезеңді салыстыруға келмейді. Бүгінде бәрі жаңа технология. Сендерге айтарым, математиканы меңгеріндер, ҰБТ-ға бүгіннен бастап дайындалындар, сонда еңбектерін нәтижелі болады. Жаңа оқу жылдарын жемісті болсын», — деді зейнеткер ұстаз Сейітқасым Бекетайұлы.

Мектеп құрылысын жүргізген мердігер компания өкілі Дана Әшімбекқызы символикалық кілтті мектеп директоры Айгүл Серікқызына тапсырып, компания атынан арнайы сыйлық табыстады.

Айта кетейік, Жамбылдықтар жаңа оқу жылын жаңа леппен бастамақ. Өңірде жыл сайын жаңа мектеп пен балабақшалар құрылысы қарқын алып келеді. Бұл бүгінгі ұрпақтың білім нәрімен сусындап, өмірден өз орнын таба білетін білімді, сауатты маман болып шығуы үшін жасалған қадам.

Жамбыл облысында 2019-2020 оқу жылында 5 мектеп пайдалануға берілді. Оның 1-еуі үш ауысымды, 1-еуі апатты және 3-еуі орын тапшылығы бар мектептің мәселесін шешті. Атап айтқанда,  жоғарыда аталған Тоғай алқабындағы 300 орындық орта мектебімен қатар Тұрар Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық бастауыш мектеп және Байзақ ауданы, Ақшолақтағы 120 орындық орта мектеп, Жамбыл ауданы Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектеп, Меркі ауданы Қазақ-Дихан ауылындағы 120 орындық орта мектеп бар.

Сонымен қатар жыл соңына дейін 4 нысан пайдалануға беріледі 3 мектепке қосымша ғимарат, 1 мектеп-интернатына жедел саты орнату.

Қалған апатты және орын тапшылығы бар мектептердің құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мәселесі кезең-кезеңімен шешілетін болады.

Биыл облыстың білім жүйесін қаржыландыруға 130 млрд. теңге бөлінді, бұл  өткен жылмен салыстырғанда 22,2 млрд. теңгеге артықОның 5,1 млрд. теңгесі білім беру нысандарының құрылысы мен күрделі жөндеуге қаралып, бүгінде 16 білім нысанының құрылысы жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.