Жамбыл ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді

0 8

Жаңа оқу жылында Жамбыл ауданы Бірлесу -Еңбек  ауылында 140 орындық мектеп  пайдалануға берілді. Білім нысаны ауылдағы  демографиялық өсімге байланысты орын тапшылығын жою мақсатында соғылған, -деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жаңа мектептің  ашылу салтанатына облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысып, жамбылдық ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі,-деп хабарлайды

Білім саласына бөлініп отырған қаржы 130 млрд теңгеге жетіп, соңғы үш жылда 30 пайызға артты.  Бұл облыс бюджетінің үштен бірін құрайды. Сол қаржының есебінен жаңа нысандар салынып отыр. Бүгінде  15 мектептің құрылысы жүргізілсе, жаңа оқу жылында  5-уі   пайдалануға берілді. Ұстаздар үшін барлық жағдай жасалуда. Ендігі кезекте  білім сапасын көтеру қажет. Оқу жылы баршаңызға құтты болсын. Жаңа білім ордасынан үлкен ел азаматтары шықсын,-деді облыс әкімі.

Айта кетейік, су жаңа Бірлесу-Еңбек мектебінде 18 оқу кабинеті, спорт зал, мәжіліс залы бар. Бұдан бөлек, 2 компьютерлік сынып, робототехника және жаңа модификациялық кабинеттері жұмыс істемек. Биыл мектепте 250 оқушы 2 ауысымда оқитын болады. Оқушыларға 39 педагог сабақ береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.