Жаңа жолдау ел дамуының жаңа серпіні

0 14

Жылдар бойы жиналған тәжірибе, дамыған экономика, ұтымды саясат, өзге елдер алдындағы бедел осының бәрі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың үздіксіз қеңбегінің жемісі. Еліміз әлемдегі беделді орнықты елге айналды деп пікір білдірді, — Жамбыл ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры М.Рахимжанов. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Саяси науқанды атқарып жаңа Президент сайладық. 2 қыркүйекте Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арналған Жолдауы Елбасы моделінің жалғасына айналып, ел үмітінің ақталғандығының көрінісі болды.

Қай кезеңде де жолданған жолдаулар халықтың экономикалық және әлеуметтік дамуының жолдарын көздегені бәрімізге мәлім. Биылғы жолдауда да сол бағыттарға басымдылық беріліп, заман талабына сай тиімді мемлекет құру тетіктері, қоғаммен кері байланыс, азаматтар қауіпсіздігі, қарқынды дамыған экономика, әлеуметтік жаңғыру және қуатты ел жасауға ұмтылыс, біздің ендігі кезектегі жұмысымыздың бағыты.

Жолдау жастарды да назардан тыс қалдырмағанын «Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту туралы, Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасы, отбасы және бала институтын қолдау, 2020 жылы «Волонтерлар жылы» деп аталуынан байқауымызға болады.

Ауданда жастар саясатын дамытуда атқарылған жұмыстар аз емес, жолдаудан серпін алып, жұмыс қатарын одан әрі жетілдіре түсу біздің басты міндетімізге айналмақ!

Leave A Reply

Your email address will not be published.