«Орыс филологиясы» кафедрасы ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау және оны студенттерге насихаттау мақсатында 2.09.2019 жылы арнайы пресс-конференция өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Іс-шараға PhD докторы, доцент, «Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің» деканы Исабекова Г.Б., п.ғ.к., доцент, «Орыс филологиясы» кафедрасының меңгерушісі Минайдарова М.Е., ф.ғ.к., доцент Гизатулина Г.А., ф.ғ.к.,доцент Аладьина А.А. және 1 курс РЯ-19-2, 3 курс РЯ-17-2, РКО-17-2 топтарының студенттері қатысты.
Пресс-конференция п.ғ.к., доцент, «Орыс филологиясы» кафедрасының меңгерушісі Минайдарова М.Е. және «Орыс филологиясы» кафедрасының оқытушысы Иманалиева Г.К. ұйымдастыруымен ТарМПУ-нің 2 оқу ғимаратында, № 1 оқу залында өткізілді.
Іс-шара екі кезеңге бөлінді:
- Гизатулина Г.А. баяндамасын тыңдау;
- Президенттің жолдауына байланысты студенттердің өз ойларымен бөлісіп, өздері түсініксіз деп білген сауалдарға жауап алу.
Студенттер алдында сөз сөйлеген ф.ғ. к., доцент Гизатулина Г. А. мемлекет басшысының жаңа Жолдауының негізгі аспектілерімен таныстырып, қазіргі Жолдау — бұл барлық қазақстандықтарға қатысты нақты практикалық істер бағдарламасы екенін атап өтті, қатысушылардың назарын Президенттің «бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек»деген ойына аударды. Қазақстан алдында тұрған негізгі міндеттерді атап өте отырып, Президент қазақстандық қоғам өмірінің барлық салаларына – өнеркәсіпке, қаржыларға, білім беруге қазіргі заманғы технологияларды белсенді енгізуге ерекше көңіл бөлетіндігі жайлы да мағлұмат берді. «Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің» деканы Исабекова Г.Б., п.ғ.к., доцент, «Орыс филологиясы» кафедрасының меңгерушісі Минайдарова М.Е. оқытушылар мен студенттердің алдына еліміздің барлық өмір сүру салалары бойынша жаһандық міндеттер қойылғанын және олар біздің бірлігіміздің негізі болуы тиіс екендігін атап өтті. Қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылық, ұлттың келісімі мен бірлігі болуы тиіс-бұл ел дамуының жаңа кезеңінің міндеттерін табысты іске асырудың басты шарты деп іс-шараны қорытындылады.
Пресс-конференция жоғарғы деңгейде өтті. Студенттер көкейінде жүрген сауалдарына жауап алып, пікірлерін ашық айтып, маңызды ақпараттардан хабардар болды.