Бүгін Қаратау қаласы «Дарын» балалар өнер мектебінде аудан әкімінің орынбасары С.Дадабаевтың төрағалығымен «Бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған немесе қаупі төнгенде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтері мен тұрғындардың іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша үш күндік аудандық кешенді оқу-жаттығуларының ашылуы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жиынға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы подполковник Ә.Манасов келді.
Сондай-ақ жиынға аудандық төтенше жағайларды жою жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары және аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен қала және ауылдық округі әкімдері қатысты.
«Дармен» мобильді қосымшасы бойынша түсіндіріліп, жиын соңында қатысушылардан кіріс тестілеуі жүргізілді.