Жамбыл облысында Абылай хан атындағы мектеп-лицейде ұстаздар жиыны барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауындағы жаңалықтар айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Білім ошағының басшысы Кенже Сәрсекеева Жолдауда айтылған негізі де нақты міндеттерге сондай-ақ, реформалармен үкіметке қойған талаптарын, Қазақстан халқына жүктелген тапсырмаларын ұжымға түсінікті етіп жеткізді.
Жолдау егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат. Мемлекет басшысының кезекті Жолдауына байланысты мектеп-лицей ұстаздары өз ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, Президенттің ұстаздар мәселесін көтеруі ұстаздарға көрсетілген сенімнің белгісіндей болды.
Жиын соңын білікті ұстаздар Жолдауда көрсетілген жастарға қолдау, біздерге үлкен қуаныш сыйлады. Тәуелсіз елдің азаматтарына көп ізденіс пен қажырлы еңбекті талап етеді деп қорытындылады.
Айта кетейік дәл осы мәселеге байланысты мемлекет басшысы:
— «Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек. Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс.
Мен мемлекеттік органдардан жұмысты жедел атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізуді талап етемін.
Реформаны тек реформа үшін жүргізуге жол берілмейді.
Әрбір министрде және әкімде нәтижелі жұмыстың негізгі көрсеткіштерінің тізімі болуы тиіс.
Сол арқылы олардың нақты мақсатқа қол жеткізу деңгейі анықталады.
Үкімет мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен өңірлердің, мемлекеттік компаниялардың және мекемелердің басшыларына тиісті реформаның жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілік жүктеледі.
Осыған байланысты, жақында тиісті Жарлыққа қол қойдым. Бұл Жарлықтың аясында елдегі ахуал, соның ішінде аймақтардағы халықтың жағдайы сауалнама негізінде нақты бағаланатын болады.
Үкіметтің әлеуметтік және экономикалық саясатқа жауапты құрылымдары қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес алдын-ала нақты жұмыс жүргізуі қажет. Бұл үшін бақылау, талдау және болжау жүйесін неғұрлым күшейту керек.
Сондықтан депутаттарымыздың өтінішіне орай Парламент жанынан Заңнаманы зерделеу және сараптау институтын құру жөнінде тапсырма беремін, — деді.