Цифрлы Қазақстан: цифрландырылған ақпараттық орталықтар өзіне-өзі қызмет көрсету алңдары ретінде аймақтық кластер Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Жолдаудың жарқын келешегі» атты басқосу өтті, — жеп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы тарихи маңызы бар құжат. Өйткені ол еліміздің азаматтарының әл-ауқатын арттырумен қатар еліміздің барлық салаларына баса мән берілуде.
Осы бағытта біздің мәдениет, кітапхана саласына да баса назар аударылуы кітапханашыларды қуанышқа кенелтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл кітапханаларын жаңғырту, оларға келушілерді көптеп тарту мақсатында кітапханаларда ашылған цифрландырылған ақпараттық орталықтардың (ЦАО) жұмыстарын үйлестіру, жергілікті тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді алудың барлық тетіктерін дамытуды қамтамасыз ету үшін үшінші тұлғалармен электронды анықтамаларды алу бойынша әзірленген «Mgov», «Telegram-bot», «EgovKzBot» қосымшаларымен жұмыс жасау тәсілдерін практикалық түрде пысықтау мақсатында Сарысу аудандық орталық кітапханасында «Цифрлы қазақстан: цифрлы қоғамдағы цифрландырылған ақпараттық орталықтар өзіне-өзі қызмет көрсету алаңдары ретінде» аймақтық кластер өтуде.
Аталған іс-шараға барлық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің әкімшілік өкілдері мен ауыл кітапханаларында ашылған және үстіміздегі жылы ашылатын цифрландырылған ақпараттық орталықтарының қызметкерлері мен халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар Президент Жолдауына қатысты оң пікірлерімен бөлісіп, жақсы жаңалықтарды бір-бірімен қуана бөлісіп жатты.
Айта кетейік, президент өз Жолдауында қоғам мен биліктің өзара ықпалдасқан іс-қимылының осы түрін неғұрлым сындарлы деп есептей келе, азаматтарды ашық диалогқа шақырады. Президент өзекті, шешімін күтіп тұрған мәселелердің бар екенін ашық айта келе, сонымен бірге оларды шешудің ұтымды жолдарын ұсынады, тәуекелдер мен мүмкіндіктерді прагматикалық тұрғыдан бағалайды.