Шу ауданында жолдау талқыланды

0 2

Бүгін орталық кітапхананың білім орталығында «Кітапханалар цифрлық ортада және қазіргі заманғы қоғамның талаптары» атты семинар кеңес аудандық кітапханашылар арасында өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шара барысында Б.Алжанбаева ашып, алғы сөз сөйлеп, семинар бағдарламасымен таныстырып, «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Сонымен қатар кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Э.Раканова «Кітапханалардың цифрлық кезеңге болашағы бар ма?» деген тақырыпта баяндама жасады. «Egov.kz электронды порталы арқылы көрсетілетін қыззметтер кеңінен түсіндіру» бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері А.Айтбайқызы түсіндіру жұмысын жүргізді. Ақпараттық библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Н.Шолпанбаева «Кітапханалар-тұрғындар үшін ақпараттың әлеуметтік-маңызды орталығы» тақырыбында сао.jambyl.kz cайтының міндетін түсіндірді.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы С.Мырзахметова биыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Абай шығармаларын ұйымдастырып, буктрейлер көрсетті. Кітапханашылардың алдындағы басты міндеті: жеке тұлғаны дамытуға, оның білім алуына, кəсіби жетілуіне бағытталған ақпаратпен қолма-қол қамтамасыз ету. Оқырмандардың шығармашылық қабілетін ояту, олардың өз тарихын дəріптеуі, өз еңбектері арқылы ауыл өмірін жандандыруы үшін де кітапханалар қызметінің жаңаруы – заман талабы.

Өйткені кітапхана – білім ошағы ғана емес, сол елді мекеннің мəдени жəне рухани ахуалын көрсететін құрметті орын. Күн өткен сайын оқырман жаңа ақпаратты қажет етеді. Семинарға қатысқан кітапханашылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, кітапхана жұмысына байланысты әр түрлі мәселелер бойынша талқылаулар жүргізілді.

Кеңес соңында кітапхана жұмысына байланысты әр түрлі мәселелер бойынша тапсырмалар беріліп, ақыл-кеңестер айтылып, әлеуметтік желіде кітапхана ісін жоғары деңгейде насихаттап, белсенді үлес қосқаны үшін Д.Қонаев ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Ногайбаева марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.