Тараз сервис және технология колледжінің студенттері «Даңқ» залына экскурсияға барды

0 19

«Тараз сервис және технология колледжі» КМҚК АТ-19-1 тобының студенттері тарих пәнінің оқытушысы Ә.Ержанның жетекшілігімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ерлік» мемориалдық кешенінде орналасқан «Даңқ» залына экскурсияға барды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Студенттерді ерекше таң қалдырғаны «Даңқ» залының бірінші қабатында орналасқан жамбылдық Совет Одағының Батырлары мен майдангерлердің жеке құжаттары, қарулары, соғыста пайдаланған жеке заттары, майдан хаттары, таратылмай қалған қара қағаздар, медальдары мен ордендері, тыл еңбеккерлері туралы мәліметтер және сол кезеңнің құрал-саймандары мен 1,5 миллионнан астам майдан даласында түсірілген суреттер. Ә.Ержанның жетекшілігімен бастаған экскурсия «Ба­тырлар» аллеясында, «Даңқ» аллеясында, «Жеңіс» саябағында орналасқан Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіште, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты залалсыздандыруға қатысушыларға арналған ескерткіште жалғасын тапты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.