Жиыннан соң Түктібай ауылындағы «Төлеген» шаруа қожалығында болған Асқар Исабекұлы қожалық иелігіндегі жерлерді тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мал және егін шаруашылығымен айналысатын «Төлегенге» қарасты жалпы жер көлемі 310 гектарды құрайды. Өзіне қажетті техникалары да бар екен.
Айта кетейік, қожалық ағымдағы жылы өз қаржысына 200 басқа арналған сүт тауарлы фермасын іске қосуды жоспарлауда. Чехия мемлекетінен сатып алынған 64 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдарын «Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ кепілдік ретінде өзінде бар мүлікті және ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан төленетін субсидия көлемін толық аударып беруді сұрауда.
Аталған мәселенің мән-жайына қаныққан облыс басшысы оның түйінің тарқатудын тиісті жолдары қарастырылатын жеткізді.