Тараз қаласында 447 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде

0 6

Тараз қаласында «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында, 2019 жылы жалпы құны 4 млрд. 47,0 млн. теңгені құрайтын  2 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобаларда қосымша 447 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Инвестициялық жобаларға нақты тоқталатын болсақ «KISC» ЖШС – болат, шойын балқыту цехын қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде. Жобаның құны 1 млрд. 870 млн. теңге, қуаттылығы жылына 24 мың тонна, 150 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Сонымен қатар «Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасын шығаруға арналған жаңа цехтың құрылысын жүргізуде. Жобаның құны 2 млрд. 177 млн. теңге, қуаттылығы жылына 200 мың тонна, 297 жұмыс орындары ашылады.

 Ал, 2020 жылы жалпы құны 22 млрд. 251,0 млн. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып, 264 жаңа жұмыс орнының ашылуы көзделуде.

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы ««Ekojer» ЖШС-не уақытша өтеулі жер пайдалану  құқығымен жер учаскесін қысқа мерзімге беру туралы» №254 Қаулысымен «Ekojer» ЖШС-не Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округі жерінен американдық технология негізінде өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттың құрылысын жүргізу және қызмет көрсету үшін жалпы 20,0 гектар жер учаскесі 5 жыл уақытша өтеулі жер пайдалану  құқығымен қысқа мерзімге берілген.

«TARAZLING» ЖШС-гі сұйытылған табиғи газды метан өндіру. Жобаның құны – 891,0 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 18000 тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орындары ашылады. Іске асыру мерзімі 2020 жылдың ІІ-жарты жылдығына жоспарланып отыр.

Айта кетейік бүгінгі күнге жер қатынастары бөлімімен жер телімін бөлу мәселесі қарастырылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.