Тараз қаласында 170 көше жарықтандырылған

0 10

Тараз қаласында 170 көше жарықтандырылған. Оған 605,8 млн.теңге қарастырылған. Қаладағы көшелерді жарықтандыру және электр желілеріне қызмет көрсету жұмыстары тұрақты қамтамасыз етілуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Көшелерді жарықтандыру бойынша ағымдағы жылы 2 даңғылмен 27 көшелерінде темір бетон бағаналарды металдық бағаналарға ауыстыру, светодиодтық шамдарын орнату және кабелдерді жер астымен жүргізу жұмыстары атқарылатын болады.

Бұдан басқа, қаланың 99 қиылысындағы жол белгілері мен бағдаршамдардың бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағаналарда қосымша уақытты кері есептегіш және көше атауларын бағыттайтын белгілер орнатылуда.

Қаладағы жарықтандырылған көшелердің жалпы саны — 170, бұрылыстар — 50, мөлтек аудандар — 13, тұрғын алқаптар — 5, жалпы ұзындығы — 476,82 шақырымды құрайды.

Қаладағы көлік кептелісін азайту және көлік қозғалысын ыңғайландыру мақсатында, техникалық қадағалау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесе, қаладағы бірнеше көшенің қиылыстарындағы бағдаршамдар уақытша өшіріліп, нәтижесі зерделенуде, атап айтқанда:

Сүлейменов — Жалаири, Сүлейменов — Крупская, Балуан Шолақ — М.Мәметова, Абай — Сухамбаев, Сухамбаев — №5 орта мектеп алдындағы бағдаршам, Жамбыл-Сенкібай, Төле би –«Хром зауыт» аялдамасы алдындағы бағдаршамдар.

Сондай-ақ, Абай даңғылы мен Петров көшесінің қиылысы маңындағы бағдаршам алынып тасталған.

Тараз қаласындағы 10 көше қиылыстарында «ақылды бағдаршам» көлік қозғалысын интеллектуалды басқару жүйесі енгізілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.