Бүкіл Дүниежүзілік халық санағы бағдарламасының және БҰҰ 2020 жылғы раунд тұрғын үй қорының ұсынымын және 2016 жылғы 16 қыркүйекте Бішкек қаласындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының Мемлекеттер Басшылары Кеңесінің Шешімін ескере отырып, ТМД мемлекеттер-қатысушыларында 2020 жылға жақын мерзімде, шамамен 2019 жылғы қазаннан бастап 2020 жылғы қазан аралығында кезекті халық санағын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Жамбыл облысының Статистика департаменті басшысының орынбасары Инга Анатольевна айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«Мемлекеттік статистика туралы» Заңына, 2010 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1049 «Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерін бекіту туралы» қаулысына, 2018 жылғы 3 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №105 Қаулысымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» № 419 қаулысына сәйкес, халық санағын өткізу мерзімі 2020 жылғы 1-30 қазан аралығына белгіленді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен 2020 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағына дайындық және өткізуге байланысты ұйымдастыру және әдістемелік мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрылды.
Осы құжаттардың негізінде облыс Әкімдігімен 2019 жылғы 23 қыркүйекте «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөніндегі Жамбыл облыстық комиссиясының құрамын және іс-шаралар жоспарының Жамбыл облысында орындалуы бойынша бақылау бекітілісін бекіту туралы» өкімі қабылданды.
Айта кетейік, санақ нәтижелері үй шаруашылықтарының жағдайларын, некелік-отбасылық қатынастарды жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін, сонымен қатар білім, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдерді қабылдау үшін қажет.